Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 30% төмендеді
Елде дәрі-дәрмек бағасы арзандады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы берілетін препараттардың бағасы орта есеппен 19 пайызға, ал көтерме және бөлшек саудадағы бағалар 30 пайызға дейін төмендеді. Шығыны ең жоғары саналатын дәрілердің алғашқы 20 түрінен шамамен 12 млрд теңге үнемделуі мүмкін.
Оған қоса, дәрі-дәрмекті тіркеу мерзімі 100 жұмыс күніне дейін жеделдетілді . Ал АҚШ, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания және Жапония сынды реттеушілік беделі жоғары елдерден келген дәрілер «бір терезе» қағидаты бойынша 15 күнге дейін азайтылды. «2029 жылға қарай қазақстандық дәрі-дәрмек үлесі 50 пайызға жетуі тиіс», - дейді министрлік өкілдері.
Бүгінде 210 өндіруші тіркелген. Олардың 43-і дәрілік препараттар шығарады. Былтыр өндіріс көлемі 21,8 пайызға, инвестиция екі есе, ал экспорт 32,9 пайызға артты. Отандық кәсіпорындармен 90 ұзақмерзімді келісімшарт және әлемдік фармацевтикалық компаниялармен үш келісімшарт жасалды. Жалпы құны 400 млрд теңгеге жуық тоғыз инвестициялық жоба қарастырылып жатыр. Фармацевтика нарығының жылдық өсімі 10-13 пайыз деңгейінде деп бағаланды.