Үкімет дәрі-дәрмек өндірісін арттырады
Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі.
Үкімет жалпы құны 316 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны мақұлдады. Алдағы 2-4 жылда елімізде дәрілік заттар шығарылмақ. Бас дәрігердің айтуынша, соңғы екі жылда фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі екі есеге артқан. Ілкімді іс биыл да жалғасады деді Ақмарал Әлназарова.
Жаңа жобалар шеңберінде 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 10 жылдық тұжырымдамасы шеңберінде жұмыс жалғасады. Бұл бағытта мамандар даярлау, дуальды білім беруді дамытуға баса назар аударылмақ.