Бала денсаулығына 585 млрд теңге бөлінді

Елде балалар денсаулығын сақтауға бөлінетін қаржы екі есе өсіп, 585 млрд теңгеге жетті. 

Бүгінде денсаулық сақтау жүйесі шығындарының шамамен төрттен бірі осы бағытта жұмсалады. Нәтижесінде нәресте өлімі 7,5 есе төмендеді. Бүгінде балаларға медициналық көмек көрсетудің көпдеңгейлі жүйесі қалыптасқан. Жыл сайын туа біткен кемістігі бар шамамен 1,5 мың нәрестеге жедел операция жасалады. 2 мыңға жуық бала ашық жүрек операциясынан өтеді. Заманауи технологияларды енгізу нәтижесінде нәрестелердің операциядан кейінгі өміршеңдігі 93 пайызға артқан. Елдегі инновациялық медициналық технологиялар арқасында шетелге емдеуге жіберілетін балалардың санын екі есе қысқартты. Бүгінде ел аумағында балаларға арналған 81 оңалту орталығы жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, елде тегін дәрі-дәрмекпен қамтылғандар саны жеті жылда 3,4 миллион адамға жетті. Ал амбулаториялық препараттарға бөлінетін қаржы көлемі 337 миллиард теңгеден асты.