Әлемде 1 млрд-тан астам адам семіздікке шалдыққан
2035 жылға қарай артық салмақ 4 миллиард адамда, яғни әлем халқының шамамен жартысында болуы мүмкін.
Бұл дене салмағының индексі бойынша көрсеткіш. Қазақстанда да мәселе өзекті. Осы тақырып Алматыда өткен жиында талқыланды. Басқосуда дәрігерлер семізідікке шалдығудың себептері мен емдеу шараларына тоқталды. Сала мамандарының айтуынша, семіздікпен дер кезінде күрескен жөн. Әйтпесе жүрек-қантамыр, буын, қант диабеті, сияқты аурулар меңдейді. Сондықтан семіздіктің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстанған жөн.
Айгүл Дурманова, эндокринолог дәрігер:
- Біз бүгінгі шараны семіздік мәселесіне арнап отырмыз. Артық салмаққа көбіне сыртқы келбет ретінде, яғни мәселе ретінде қараймыз. Алайда оның астарында адамның денсаулығы тұр. Семіздіктің зардабынан көпшілік хабардар болуы тиіс. Сондықтан осындай басқосулар қажет. Артық салмақ байқала бастаған кезден бастап қолға алуымыз керек. Оны медициналық тұрғыдан емдеген абзал.