Ақтауда дәрігерлер МӘМС қаржысын жымқырған
Ақтаудағы екі медициналық орталықтың басшысына аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылды.
Тергеу мәліметінше, қос күдікті екі жүзден астам ер адамға құжат рәсімдеу кезінде әйелдерге арналған емдік шараның қызмет кодын жазған. Осылайша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен төленетін емдеу ақысын 10 есе ұлғайтып көрсеткен. Салдарынан мемлекетке 221 млн теңге көлемінде шығын келгені анықталды.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- «Ибн Сина» және «Sofie Med Group» медициналық орталықтарының лауазымды тұлғалары ер адамдарға әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның қызмет кодын көрсеткен. 19 жағдайда пациенттер аталған клиникаларға жүгінгенін мүлде растаған жоқ. Тергеп-тексеру жалғасуда.