Қауіпті дертті мыңдаған адам байқамай жүр: Қазақстанда 2,3 млн адам онкоскринингтен өтті

Фото: depositphotos.com

2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 2,3 млн-нан астам адам онкологиялық скринингтен өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Тегін тексеру сүт безі, жатыр мойны және ішек қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында жүргізіледі.

Скрининг нәтижесінде 1,8 мыңнан астам онкологиялық ауру жағдайы расталды. Оның ішінде:

·         сүт безі обырының – 1 238 жағдайы;

·         колоректалдық обырдың – 372 жағдайы;

·         жатыр мойны обырының – 227 жағдайы анықталды.

Бұл ретте скрининг барысында күмәнді өзгерістердің анықталуы бірден «қатерлі ісік» диагнозы қойылды дегенді білдірмейді. Мұндай жағдайда пациент қосымша тексеруге жіберіледі. Қорытынды диагноз тиісті зерттеулерден кейін ғана қойылады.

Соңғы бес жылда елімізде 14 млн-нан астам адам онкологиялық скринингтен өткен.

Осы кезеңде аурудың кеш, яғни III–IV сатыларда анықталу үлесі 34,9%-дан 32%-ға дейін төмендеген.