Медицина мамандарына көтермеақы беріледі

Қостанай облысында медицина қызметкерлеріне берілетін көтермеақы мөлшері ұлғайтылды. 

Бұл өзгерісті облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Шешімге сәйкес Аманкелді, Жанкелдин аудандарына сырттан келетін дәрігерлерге 8,5 млн теңге көтермеақы тағайындалып отыр. Арқалық, Қостанай, Жітіқара аудандарына барса, 7 млн теңге, ал облыстық, аудандық маңызы бар қала болса, 5 млн теңге беріледі. Бұл шара өңірде, әсіресе ауылды жерлерде медицина мамандары тапшылығын жою мақсатында қолға алынды.

Алмас Әбілғазин, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Тағы бір тың өзгеріс – бірінші рет орта буын медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шарасы енгізілді. Оларға 1 млн теңге көлемінде көтермеақы қарастырылып отыр. Сондай-ақ міндетті жұмыс істеу мерзімі 7 жылдан 5 жылға қысқартылды. Егер мерзімі аяқталмай тұрып басқа жаққа ауысатын болса, тек өтелмеген уақытының ақшасын қайтаруға міндетті.

 

Сондай-ақ оқыңыз: