Шымкентте ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинациялау басталды

Шымкентте кейінгі бір айда 6 мыңға жуық адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырды, деп хабарлайды 24KZ.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тыныс алу жолдарының зақымдануымен ауырғандардың дені балалар. Жергілікті емханаларға 150 мың доза вакцина жеткізіліп, иммундау науқаны жүре басталды. Екпе ең бірінші созылмалы сырқаты бар адамдарға, мектеп оқушыларына, жүкті әйелдер мен егде жастағы қарттарға салынады. Балалар, дәрігерлер, әскери және әлеуметтік қызметкерлер де тегін вакцина ала алады. Жалпы жыл басынан бері жіті респираторлық вирустық инфекцияның 147 мыңнан астам жағдайы тіркелді.

Жанайым Полат, қалалық №1 емхана дәрігері:

– Күз айы – жалпы респираторлық вирустық аурулардың өршитін кезеңі. Қазіргі таңда вирустар жүріп жатыр. Бірінші кезекте дене қызуы көтеріледі, мұрынның бітелуі, тамақтың ауруы, құрғақ жөтел, көздің жасаурауы сияқты белгілермен жүреді. Екпе салғаннан кейін адамдар жеңіл түрімен ауыруы мүмкін. Бірақ ауыр асқынуларға алып келмейді.

Сондай-ақ оқыңыз: