Алматыда дәрігерлер науқастың аяғын сақтап қалды

фото: gov.kz

Алматы қаласында дәрігерлер қант диабеті мен артериялардың толық бітелуі салдарынан аяғына ампутация жасалу қаупі төнген науқастың қан айналымын сәтті қалпына келтірді, деп хабарлайды «24KZ».

Науқаста бір жарым айға созылған іріңдеу процесі болып, қант диабеті жағдайды одан сайын қиындатқан. Тексеру нәтижесінде оң аяқтың артериялары толық бітелгені анықталып, тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылған.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың (ОҚКА) тамырлық эндоваскулярлық хирургі Султан Илиев ангиография жүргізіп, кішкентай тілік арқылы эндоваскулярлық әдіспен зақымданған аяқтағы қан айналымын толық қалпына келтірді.

Бұл күрделі ота науқастың аяғын сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыз: