Қазақстандық балалар Өзбекстандағы оңалту орталығында тегін емделеді

Өзбекстанның белгілі кәсіпкері туа бітті сал ауруына шалдыққан қазақстандық балғындарға көмектеседі, деп хабарлайды 24KZ.

Ол өзінің оңалту орталығында балаларды тегін емдеуге дайын. Екі ел арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту мақсатында Өзбекстанның ірі компаниялар тобының басшысымен церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу туралы меморандумға қол қойылды. Бастама Қазақстанның Самарқандтағы бас консулдығы арқылы жүзеге асып отыр. Самарқандағы клиникада ай сайын 12 бала ем алады. Әр 10 күн сайын 180 бала оңалту курсынан өтеді. Негізінен мұнда сырқаттың жеңіл және ауыр сатысындағы өзбекстандық балалар тегін ем қабылдайды.

Бауыржан Досманбетов, Қазақстанның Самарқандтағы Бас консулы:

- Айына тегін 12 балаға және 12 қасында жүретін ата-анасына тегін ем беріледі. Ол тек ем емес, Өзбекстан тарапы біздің шекаралас облыстарымызда тұратын біздің азаматтарымызға жататын жерлері, тамақтандыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көмегін көрсетеді. Өйткені, жол-пұлын олар өздері көтереді.