Шымкентте өкпенің үшінші сатылы қатерлі ісігіне тіліксіз операция жасалды

Шымкентте алғаш рет өкпенің үшінші сатылы қатерлі ісігіне тіліксіз операция жасалды.

Онкологиялық орталықтың дәрігерлері иненің жас-уындай ғана тесікпен кеуде қуысындағы ісікті алып тастады. Күрделі хирургиялық емнің арқасында 65 жастағы тұрғын ажалдан аман қалды. Айта кетейік, дәрігерлер операция алдында науқастың жағдайын 4 ай бойы бақылап, арнайы дайындық жүргізген. Осыдан кейін ғана, Ресейден жетек-шілікке белгілі хирургтар шақырылды. Шеберлік сабағынан соң, бірлескен 10 операцияға келісім жасалды. Бұған дейін мұндай диагнозы бар адамдар Астана мен Алматы қалаларына жіберілетін. Енді күрделі операция жасауды жергілікті жерде, жетілдіру жоспарланып отыр. 

Евгений Левченко, ғылыми-зерттеу институты кеуде онкологиясы бөлімінің меңгерушісі /Ресей/:

- Кеше 3 операция жасалды. Қатерлі ісікті алып тастағаннан кейін науқастардың жағдайы жақсарғанын байқадық. Қазір олар есін жинап, бақылауға алынды. Біз олардың өкпесін аман алып қалуға тырыстық. Мұндай ауру түрі шылым шегетін адамдардың арасында кеңінен тарап барады. Дегенімен Қазақстанда оның ішінде Шымкент қаласында дертке душар болған адам аз екен.