Шығыста кенеден кесел жұқтырғандар емделіп шықты

Шығыс Қазақстан облысында 5 адам кене энцефалиті мен боррелиозге шалдықты.

Абырой болғанда бәрі дер кезінде ем алып, құлан таза жазылып шықты. Осы күнге дейін қансорғыш 2400 адамды шаққан. Оның 30 пайызы балалар. Кене адам денесіне іліккен соң шағатын жерді 40 минуттай іздейді. Сондықтан табиғатта демалған кезде үсті-басты жиі қарап тұру керек деп ескертеді мамандар. Жалпы ауру тарататын кенелер таулы, орманды алқаптарда жиі кездеседі. Қазір 667 гектар аумақ зарарсыздандырылды. Енді өңдеу жұмыстарының екінші кезеңі қыркүйек айына жоспарланған.

Қанат Тұрдиев, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша, бізде екі қала Өскемен қаласы мен Риддер қаласы және 7 аудан Зайсан ауданы, Күршім ауданы, Глубокое ауданы, Самар, Ұлан ауданы міне осылар кене шағу қауіпті аумақтарға жатады. Тікелей осы аумақтарда міндетті түрде күрес,кене энцефалитіне қарсы күрес жұмыстары атқарылады.