Түркістан облысында 19 бала астан уланып қалған
Түркістан облысында жекеменшік балабақшаның балалары жаппай уланып қалды.
Оқиға Келес ауданында болды. 24 маусым күні таңғы астан кейін балалар өздерін жайсыз сезіне бастаған. 2-3 жас аралығындағы бүлдіршіндер бірінен соң бірі құсып, бастары айналған. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік белгілері байқалған. Балабақша қызметкерлері бірден дәрігер шақыртып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ауруханаға жеткізілген тәрбиеленушілердің 15-не алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылған. Қалған 19 баланың үшеуі жансақтау бөліміне, 16 бүлдіршін жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды.
Алдын ала болжамдар бойынша барлығы балабақшада таңғы асқа ботқа жеп, түскі асқа сорпа ішкен. Қазір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мектепке дейінгі мекемеде зертханалық тексеру жүргізіп жатыр.
Бекарыс Асқарбекұлы, Келес аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Бүгіннен бастап науқастардың жағдайы қалыпты болуына байланысты үйлеріне шығара бастадық. Қазіргі таңда ауруханада үш науқас жатыр, инфекцияда үш науқас жатыр. Қалған үш науқастың жағдайы бірқалыпты. Емін алып жатыр.