Алматыда сальмонеллёз ауруы белең алды

Алматыда сальмонеллёз ауруына шалдыққандар көбейді.

Алғашқы жарты жылда 32 науқас тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Мамандар сырқаттың жиілеуін жаз маусымымен байланыстырады. Өйткені, осы уақытта азық-түлік қоздырғыштары көбейеді. Ал науқастар сырқатқа шалдығуын дұрыс сақталмаған өнімдермен байланыстырған. Жауаптылар аурудың барлық ошағына эпидемияға қарсы шаралар уақытылы жүргізілгенін хабарлады. Ал қоғамдық тамақтану орындары мен сауда нысандарында вирустар тіркелген жоқ.