Мектептегі жаппай улану: 460 бала дәрігер бақылауында

Маңғыстау облысының Бесшоқы ауылында балалардың улану себебін тексеру ел Үкіметінің бақылауына алынды.

Премьер-министр Олжас Бектенов жағдайға байланысты денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін, Маңғыстау облысы әкімінің есебін тыңдады. Қазір 83 бала ауруханада жатыр, екеуі жансақтау бөлімінде. Жалпы 460 бала дәрігердің бақылауында. Оқушылардың жағдайы тұрақты. Барлығына қажетті медициналық, психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Үкімет басшысының тапсырмасымен 1 ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі.