Атырау облысында тұмауға қарсы вакциналау басталды

Атырау облысында тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды.

Жыл басынан бері жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған 99 мыңға жуық адам дәрігер көмегіне жүгінген. Оның ішінде 41  науқастың тұмау  жұқтырғаны зертханалық жолмен дәлелденді.   Тұмауға шалдыққандардың барлығы 14 жастан асқан ересектер. Осыған орай облысқа тұмауға қарсы «Гриппол плюс» вакцинасының 65 мың дозасы жеткізіліп, емханаларға таратылды. Қазір емдеу орындарында жаппай вакциналау басталды. Тұмауға қарсы ем шара алыс ауылдарда да жүріп жатыр ,- дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Әйкен Ғұмарова.

Әйкен Ғұмарова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

- Осы бүгінгі күнге дейін 36861 адам осы вакцинациямен қамтылған болатын. Яғни, егілді. Бүгінгі таңда 14 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы аз. Және бізде балабақша мектептер жіті бақылауда Қазіргі таңда ересектер арасында осы ауру саны көбейіп отыр.