Қызылорда облысында 11 дәрігерлік амбулатория ашылады
Міндетті медициналық сақтандыру аясында тұрғындарға тиісті қызметтер толыққанды көрсетілуі тиіс. Бұл туралы Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары барысында Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Үкімет басшысының орынбасары өңірдегі медицина мекемелерінің жетекшілерімен жиналыс өткізді. Кездесуде вице-премьерге ауылды жердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту жайы баяндалды. Өткен жылы өңірде 15 дәрігерлік амбулатория, бір медициналық пункт пайдалануға берілген еді. Жыл соңына дейін тағы 11 дәрігерлек амбулаторияның құрылысы аяқталып, жұмыс істей бастайды. Жиында медициналық қызмет сапасын жақсарту, дәрігерлердің біліктілігін көтеру, инфрақұрылым мен міндетті медициналық сақтандыруды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:
- Жалпы балаларға қажетті төсек-орындарының толық қамтылмағанын байқап отырмыз. Осы торакальды хирургия, кардиохирургия, басқа да сипаттағы төсек-орындарды көбейту керек. Тағы да бір айтып өтетін жағдай, осы соңғы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізгелі бері клиникалық диагностикалық көмекке қаражаттың шамамен 25 есе көбейгенін біз көріп отырмыз. КДУ услугалар ауылды жерлерде 43% көрсетілмейді. Қалаға жаңағы науқастар барады. Бұл сұрақты шешу үшін телемедицинаны жақсарту керек. Сонымен қатар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет.