Бірыңғай уақыт белдеуінің денсаулыққа маңызы зор — сарапшы

Бірыңғай уақыт белдеуі, өмірдің табиғи ырғағына оралуға мүмкіндік береді. Биомедицина және нейроғылымдар саласының маманы, ғалым Сұлтан Төлеуханов осылай дейді.

Ол кеңестік кезеңде командалық-жоспарлы экономиканың мүддесі үшін уақыт белдеуінің 8 рет өзгергенін атап өтті.  Сондай-ақ ғалымның айтуынша, бірыңғай уақыт белдеуі ұйқы мен сергектікті, демалу мен белсенділікті, тамақтану мен зат алмасуды реттейді. Яғни, адам денсаулығы үшін маңызды рөл атқарады.

Сұлтан Төлеуханов, Қазақ ұлттық университеті биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының профессоры:

- Табиғат субъективті-әкімшілік көзқарасқа бағынбайды. Күн ырғағына қайтадан келдік. Ол табиғи заң. Содан кейін адамдар шулай бастады. Неге? Себебі түсінбегендіктен шулайды. Кейбіреулер түнгі сағат 1-де жатып, 10-ға дейін ұйықтайды. Оның бәрі – табиғат заңына қайшы келетін көзқарас. Тек қана біз табиғи уақытқа оралдық. Бұл денсаулыққа өте қажетті, пайдалы нәрсе.