Алматы облысында 127 мыңнан астам адам тұмау жұқтырған

Алматы облысында жыл басынан бері 127 мыңнан астам адам тұмау жұқтырған.

Жоғарғы тыныс алу жолдарының респираторлық вирусты инфекциясы бар науқастардың 65 пайызы 14 жасқа дейінгі бала. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда бұл сырқатқа шалдығу көрсеткішінің 23,9 пайызға төмендегені байқалады. Эпидемиологиялық қадағалау барысында респираторлық вирустың аденовирус, парагрипп түрлері анықталды.

«Зертханалық зерттеулер қорытындысына сәйкес, алдағы уақытта A типті тұмау вирусы басым болуы мүмкін деген болжам бар», - дейді мамандар. Тұмау облыс орталығы Қонаев қаласында да өршіп тұр. Қалалық ауруханаға күніне жүзден астам адам қаралады.

Асылбек Берікбаев, дәрігер-инфекционист:

- ОРВИ көбінесе сол жөтелмен, тұмау және де мұрындары бітеледі, тамақтары қышиды және де құрғақ жөтелмен келеді. Алдын алу шаралары: қолын антисептикпен жуып, таза жүріп және де жылы су ішіп, адамдар көп шоғырланатын жерде жүрмеу керек. Ауырып жүрген адамдар өздері ауырып жүрсе, маска тағып жүруі керек. Оксалиновая мазь жағып, профилактика ретінде витаминдер ішіп жүруі керек.