Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылды
Елімізде тамақ жеткізу қызметінде талап қатаңдатылды.
Жаңа жылдан бастап күшіне енген жаңа ереже бойынша енді жеткізушінің жеке деректері тексеріледі. Бірыңғай стандартқа сәйкес курьерлерде жеке медициналық кітапша болуы керек. Әрі олардың кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуі де міндеттеліп отыр. Мұнымен қоса мінез-құлық сипаты, көпшілікпен қарым-қатынасы да ескерілген. Ал тұтынушы жеткізілетін тапсырыстың қауіпсіздігі мен сыртқы зақымдануын анықтау үшін өнімді тексеру мүмкіндігі беріліп отыр. Айта кетсек, жаңа норма тұтынушылар құқығын қорғау мен тамақ жеткізу қызметі сапасын арттыруға бағытталған.