Жамбыл облысында медициналық туризм дамып келеді
Жамбыл облысына бір жылда медициналық көмек алуға 800-ден аса адам барған.
Жалпы аймақта кардиохирургия саласы жақсы дамыған. Заманауи құрылғымен жабдықталған клиникалар мен білікті мамандар жетерлік.
Сондықтан жүрек дертіне ем іздеп келген шетелдіктер де көп.
Жамбыл облысында 393 медициналық мекеме бар. Басқарма басшысының сөзінше барлық нысан алдыңғы қатарлы құрылғымен қамтылған. Сондықтан өңір тұрғындарымен қатар өзге аймақтан ем іздеп келетіндер көп. Мәселен өткен жылы басқа облыстың 750 тұрғыны мен 69 шетел азаматы медициналық көмек алған.
Ерік Мұсабаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а:
- Көбінесе қазіргі заманауи чекап болмаса өздерінің денсаулығын зерттеуге жүгінеді азаматтар. Біздің денсаулық мекемелерінің барлығында анализаторлар және заманауи диагностикалық аппараттардың барлығы жеткілікті деп ойлаймын. Себебі қазіргі таңда онкологияға жүрек жағына және басқа да проблемалар қант диабетіне қатысты өздерін зерделесе болады.
Өңірде кардиохирургия саласы жақсы дамыған. Бір ғана Тараздың өзінде жүрек ауруларын емдейтін 4 мекеме бар. Солардың бірі аритмология орталығы. 57 жастағы Асқар Өлкеев қазір осында ем алып жатыр. Бір ай бұрын жүрегі шаншып ауруханаға түскен. Сонда ғана жүрек қағысында ауытқуы бар екенін біліпті. Енді Астана Алматы қалаларына сабылмай облыс орталығында операция жасатпақ.
Асқар Өлкеев, Жаңатас қаласының тұрғыны:
- Көп жігіттерден естіп жатырмын бұл жерді мақтап жатыр бәрі. Жаман пікір естіген жоқпын. Өзім бірінші рет келіп тұрмын бірақ тазалығы бәрі жақсы екен. Енді осы жерден естіп жатырмын кардиолог врачтарын мақтап жатыр жақсы деп. Соны естігеннен кейін келіп сеніп жасатайын деп жатырмын.
Аймақтағы аритмологиялық клиникада өткен жылы 685 науқасқа операция жасалған. 2000-нан астам адамға консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетіліпті. Мұндағы опреация құны күрделілігіне қарай 150 мыңнан 8,5 миллион теңгеге дейін барады. Ем-шара шетел тұрғындары үшін. Ал ел азаматтары міндетті әлеуемттік медициналық сақтандыру есебінен тегін емделеді.
Руслан Құралбаев, аритмологиялық клиниканың директоры:
- Біздің орталық жүрек қағысы бұзылған адамды диагностикалау мен емдеуде заманауи әдістерді қолданады. Мысалы, электрофизиологиялық зерттеу радиожиілікті абляция сынды әдістерді қолданамыз. Сонымен қоса еліміздің 4 қана қаласындағы клиникада бар емдеудің криоабляция әдісін қолданамыз.
Облыста 85 дәрігер жетіспейді. Әсіресе аудандарда неонотолог, инфекционист дәрігер мен фтизиопульмонолог маман аз. Дәрігер тапшылығын шешу үшін жергілікті билік медициналық оқу орындарында оқып жатқан облыс түлектерімен келісмшартқа отырған. Яғни басқарма жас мамандардың біліктілігін арттыру үшін одан әрі оқытады. Олар өз кезегінде аймаққа кеп жұмыс істейді.
Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә