Елде 40 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан
Былтыр елде 40 мыңнан астам адам қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Оның басым бөлігі – әйел. Мамандар әсіресе сүт безі қатерлі ісігінің көптігін айтады.
Бұдан бөлек, тоқ ішек қатерлі ісігі, өкпенің қатерлі ісігі, жатыр мойны обырының көрсеткіші артқан. Аталған дерттің дендеуі былай тұрсын, науқастардың ғұмырын қиятыны өкінішті. Былтыр әсіресе өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмғандар көбейді. Асқазан, тоқ ішек, сүт безі қатерлі ісігі қауіпке айналды. Ұйқы безінің обырынан да көп адам көз жұмған. Айта кетейік, бүгін Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні.