Қазақстанда «Әрбір қан тамшысындағы өмір» акциясы басталды

15 ақпанда Дүниежүзілік балалар обырына қарсы күрес күні өтеді. Соның аясында Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық қорлармен бірігіп, «Әрбір қан тамшысындағы өмір» акциясын бастады.

Іс-шара 27 ақпанға дейін жалғасады. Өңірлерде «Сүйек кемігінің донорлығы» тақырыбында дәрістер оқылып, донор болғысы келетін жандардан қан алынады. Өкінішке қарай, жыл сайын елде қатерлі ісік 600 баладан анықталады. Қазір оларды емдеуге заманауи әдістер қолданылады. Соның бірі – гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау.