«Таза Қазақстан»: Атырауда дөңгелек үстел ұйымдастырылды
«Экология – табиғат жүрегі». Атырауда республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық білім мен мәдениетті дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті. Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ұйымдастарған шараға кітапханашылар, тәртіп сақшылары мен экологтар қатысты.
«Күнделікті өмірде экологияға көңіл бөле отырып, тазалық мәлдениетін қалыптастыру – баршаның міндеті», – дейді шараға қатысушылар. Еліміздің көмірсутегі шикізатының 65%-і шоғырланған өңірде ауа тазалығы басты назарда. Осыған орай табиғат жанашырлары мен экологтар жыл басынан бері қарай ірі кәсіпорындарда 50-ге жуық тазалық акциясын ұйымдастырыпты.
Мәнсия Есенаманова, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті экология кафедрасының меңгерушісі:
- Атырау облысы басқа облыстарға қарағанда экологиямызда ерекшеліктер бар. Мұнай-газ өңдеу аймағы болғаннан кейін. Енді осы жерде ауадағы ластаушы заттарды қалай бағалау керектігін, сол ластаушы заттардың қандай көлемде шығып жатыр, әсер ету-етпейтіндігін қазіргі уақытта «AirKaz.org» дегенді жүктеп, әрбір адамның қарауға мүмкіншілігі бар.