Атырау облысында 8,5 млн шабақ құтқарылды
![Атырау облысында 8,5 млн шабақ құтқарылды](/media/k2/items/cache/ac8037ce8496e48e267750f08c1f651b_XL.jpg?t=20250121_114229)
Бақсай су арнасында шабақтарды құтқару шаралары жалғасып жатыр. 21 қаңтар таңына дейін 2 млн-нан астам шабақ құтқарылды. Жалпы бірнеше күн ішінде 8,5 млн шабақ құтқарылды.
Жұмысқа 45 қызметкер мен 8 техника бірлігі жұмылдырылған. Құтқарылған, салмағы 5-6 грамм болатын балықтар тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізіліп жатыр.
Шаралар жалғасып жатыр. Жағдай Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі