Алматы облысында оқушылар жиде ағашының тұқымын екті
Алматы облысы Балқаш ауданындағы Үлгілі орта мектебінің оқушылары 200 арнайы құтыға жиде ағашының тұқымын екті.
Оларға «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері көмектесті. Тұқым егілген құтылар резерваттың жылыжайына жеткізілді. Балалар оны осы жерде қара бұтақ-танғанша күтіп баптайды. Кейін көшеттер Балқаш және Қараой қаУ-малдарының аумағына егіледі. Бұл шара "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында жүзеге асты.
Еркеназ Қалдыбекқызы, «Жасыл лайф» тобының мүшесі:
- «Таза Қазақстан» акциясы аясында бүгінгі шараны өткізіп отырмыз. Жиде тұқымын өсіру себебіміз ол біздің өзіміздің ауылымыз Қараой ауылының климатына, жеріне сай келеді. Бұл көшеттердің жануарларға да пайдасы бар, адамдарға да пайдасы бар және де вирустардан сақтануға, ауаны тазартады. Таза табиғат адам өміріне пайдалы.
Жазира Өтешова, үлгілі орта мектебінің директоры:
- Әрине мұны оқушылар түсінеді қандай маңызы бар екенін өмірлері үшін. Өйткені қазіргі таңдағы ең басты біздің мақсатымыз – дені сау ұрпақты тәрбиелеу. Ол үшін бізге таза ауа қажет екені, жасыл желектердің көптеп қажет екені ол біздің басты назарымызда.