Балқаш жастары қариялар мен жалғызбасты жандарға көмектесіп жүр

Қарағанды облысының Балқаш қаласында жастар волонтерлық штаб мүшелері қарттар мен жалғызбасты жандарға қол ұшын беріп жүр, деп хабарлайды 24kz.

Олар бұл игілікті істі «Таза Қазақстан» бағдарламасының жұмыс жоспарына енгізген. Күн сайын 3-4 үйдің ауласындағы қарды тазалап, өзге де шаруасына көмектеседі. Волонтерлық штабтағы белсенді жастар колледждердің студенттерімен бірлесіп сенбіліктер ұйымдастырады. Мысалы жаз бойы көшелерді, көл жағалауын тазалау, ағаш егу сынды қыруар жұмысты атқарған. Бұл ретте «Жасыл ел» еңбек жасақтарының да қосқан үлесі қомақты. Былтыр жазда 250 жас өрен еңбек жасағы сапында жұмыс істеп, 3 мыңнан астам қоқыс толы қапшықты полигонға төккен.

Диас Мағрұп, Балқаш қаласы «Жастар» волонтерлық штабының мүшесі:

- «Таза Қазақстан» акциясына, қаланың тазалығына қатысып, өзіміздің үлесімізді қосамыз. Барлық сенбіліктерге. Өзіміз үлкен кісілерге көмектескіміз келгендіктен, өзіміздің қаламыздың тазалығын барлығын сақтау үшін үлесімізді қосқымыз келеді.