Шымкентте «Таза бейсенб» экологиялық акциясы өтті

Шымкентте «Таза бейсенбі» кезекті экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Қала тұрғындары шаһардағы тұрғын үй кешендері алаңын жаппай тазалап шықты. Қыс бойы жиналған қоқыстардан аршып, жол бойы, өнеркәсіп аймағы, әлеуметтік нысандарға тазалық шараларын жүргізді.  Жалпы өткен бір жыл ішінде «Таза Қазақстан» жобасына 3 мыңнан астам шымкенттік қатысты. Олар 40 тоннадан астам қоқыс шығарды.

Блиц:

- Барлығы тазалықтан басталады. Сондықтан біздің бұл жердегі негізгі мәселеміз осы өзіміз тұрып жатқан аумақтың айналасын таза ұстауға, бұл жалпы елдің, халықтың мәдениетін білдіреді. Сондықтан да,әркім өз айналасын таза ұстаса. Жастарға да тәрбиелік мәні зор.