Арал теңізінің тұздылығы төмендеген
«Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы өкілдерінің хабарлауынша, бүгінде теңіздің тұздылығы төмендеген. «Бұл балықтың көбеюіне қолайлы», – дейді.
Жалпы былтыр теңізге 2,6 миллиард текше метр су құйылған. Оның 1 миллиардқа жуығы егін суару маусымында берілді. Бұрын бұл көрсеткіш 400 миллион текше метрден аспайтын. Мысалы, 2022 жылы Кіші Аралға небәрі 816 миллион текше метр су жіберілген. Сол кезде су азайып, тұздылық көрсеткіші артқан. «Су ресрустары және ирригация министрлігінің трнасшекаралық өзен бойынша көрші елдермен су бөлуге қатысты келіссөздері оң нәтиже берді», –дейді мамандар.
Зейнулла Қазтоғанов, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:
- Негізгі 27 миллиард текше метр су жиналған кезде Балтық жүйесі бойынша судың деңгейі 42 метр болу керек. Ал бізде 2022 жылы 40 метр 42 сантиметрге түсіп кетті, сол кезде ішіндегі судің өклемі 18 миллиард 500 миллион текше метр су болған. Содан бері қазіргі таңда ішінде 22 миллиард 150 миллион текше метр су бар қазір жинақталған кіші теңізде. Судың деңгейі 41 метрде тұр.