Рудныйлық оқушылар экология мәселесін талқылады

Рудныйлық оқушылар елдегі экологиялық проблемаларды талқыға салды.

«Таза Қазақстан» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында олар қоршаған ортаны қорғау бағытында жүргізген зерттеу жұмыстарын таныстырды. Айналаны таза ұстау, қоқысты сұрыптау секілді тақырыптарда пікір алмасты. Экоакция ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал етеді. Сондықтан мұндай іс-шаралар оқу ордаларында жиі өткізіледі-дейді ұстаздар қауымы.

Аида Жұмабекова, мұғалім:

- Оқушыларымызды кішкентай кезінен экологияны таза ұстауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелейміз. Әр адам өзінен бастау керек. Сондықтан үйретіп жатырмыз. Үйін таза ұстайды, ауласын таза ұстайды, қаласын таза ұстайды. «Таза қала- таза ел» деп үміттенеміз.