Шахтинск қаласында жастар қариялар үйінің ауласын қардан тазартты
«Таза бейсенбі» акциясы «Amanat» партиясының бастамасымен тұрақты ұйымдастырылады, деп хабарлайды 24kz.
Жаз бойы қаланы қоқыстан тазартқан еріктілер қыста мұз ойып, қар күреп жүр. Бүгінгі шараға ересектермен қатар оқушылар да қатысты.
Ибраһим Ергешбаев, оқушы:
- «Таза бейсенбі» науқанында Алғыс айту күніне орай осы ата-ажелерімізге көмек ретінде қар тазалауға келдік. Біз өз қарттарымызды сыйлаймыз және қолдайды.
Тілеубек Аманжол, Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты:
- Жастар қаламызды тұрған жерімізді таза ұстауға үйретуіміз керек. Қарты бар үйдің қазынасы бар. Қаламызда соғыс, еңбек ардагерлері бар. Сол кісілердің үйлеріне барып, аулуларын тазалап беріп жастар. Барынша көмегін жасайды және де қарт кісілер оларға ақылын, батасын береді.