Қазақстанның Су кодексі жаңартылады
Қазақстанда Су кодексі әзірленіп жатыр.
Бұл құжат су ресурстарын тиімді пайдалануға, заманауи суару технологияларын енгізуге және өзендер мен су айдындарының маңындағы құрылыс ережелерін қатаңдатуға бағытталған. Жаңа кодексте қазіргі экологиялық және климаттық өзгерістер ескерілген. Құжат ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және тұрмыстық қажеттіліктерде суды үнемдеу технологияларын енгізу нормаларын қамтиды. Бұдан былай су айдыны маңында ғимарат салу ісі қатаң бақылауда болады. Мамандар ұсынған кодекстің нұсқасы жақын арада Үкіметке бекітуге жіберіледі.
Сабырхан Ертаев, «Балқаш-Алакөл» бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары:
- Жаңадан қабылданып жатқан Су Кодексі жетілдіріліп, қазіргі заман талабына сай жасалып жатқан нормативтік акті болып табылады. Ол қабылданған жағдайда көп зат суға қатысты, су қорғауға қатысты біраз мәселе кеңінен қаралып, кеңінен шешімін табады деген үміттеміз.