Қонаевта жастар мыңнан астам құс ұясын орнатты
Алматы облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мыңнан астам құс ұясын орнатты.
Бұл атқарылған көпкөрім іске оқушылар, студенттер, волонтерлер қатысты. Игі бастаманы жергілікті орман шаруашылығының өкілдері қолдады. Ал жастар өздері жасаған құс ұяларын мектептер пен колледждердің ауласындағы ағаштарға орнатты. Мақсат құстарға қамқор болып, сол арқылы өзгелердің де табиғатқа жанашырлығын ояту дейді өздері.
Еламан Төлепберген, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
- Осы акция аясында бүгін Алматы облысына қарасты аудан-қалаларда мыңға жуық құстар ұясының орнатылуы жүргізілуде. Соның бір бөлігі бүгін мінекей осы Қонаев қаласынан бастау алып, қазіргі уақытта осы жастарымыздың, волонтерлеріміздың, сонымен қатар студенттердің және мектеп оқушаларының атсалысуымен жүзеге асуда.