Ақтауда жағажай қоқыстан тазартылды
Каспий жағалауы кезекті рет күл-қоқыстан тазартылды.
«Таза Қазақстан» эконауқаны аясында ұйымдастырылған ауқымды шараға 600-ден астам адам атсалысты. Дені мемлекеттік және квазимемлекеттік салада жұмыс істейді. Тазалық акциясына қатысушылар 30 арнайы техниканың көмегімен жағалау бойынан 15 тонна қоқыс жинады. Қоғамдық орынға бей-берекет тасталған тұрмыстық қатты қалдықтар қала сыртындағы полигонға тасылып, жойылды. Айта кетейік, Ақтауда жеті ықшам ауданның аумағы теңізбен шектеседі. Жыл басталғалы бері тұрғындардың белсене қатысуымен сенбілік өткізіліп келеді.
Гүлназ Қонарбаева, қала тұрғыны:
- Қаламызға жаз келе жатыр. Халық демалатын орын болғандықтан әртүрлі мерекелік шаралар келе жатыр алдымызда. Сондықтан соған байланысты еріктілер атынан көмектесейік, мына жағажайда тазалық сақталсын деп, таңертеңгі сағат 9-дан бері тазалап келе жатырмыз. Барлығы жақсы. Қазір енді кішкене болса да біз өзіміздің үлесімізді қосып, қала тазарды деген ойдамыз.