Шымкентте санитарлық талаптарды бұзғандарға айыппұл салынды

Шымкентте санитарлық, тазалық талаптарын бұзған 1700 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, олар қоғамдық ортаны ластап, қала іргесін заңсыз қоқыс полигонына айналдырған. Тәртіп бұзушыларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Егер бір жылда құқық бұзушылық қайталанса айыппұл еселенеді. Полицейлер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бақылау күшейтіліп, қала аумағын ластаушыларды тыюға ерекше мән берілгенін айтады. Бұл бастамаға тұрғындар да бей-жай қарамай, экомәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосқан.

Ерғали Сүлейменов, қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

- Жедел басқару орталығы камерасының көмегімен және осы қала тұрғындарының көмегімен де көп құқық бұзушылықтар анықталады. Полиция қызметкерлері тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады. Жыл сайын бұл бағыттағы әкімшілік құқық бұзушылықтар азайып келе жатыр.