Үлкен Алматы айналма автожолының бойы тазаланды
Алматы облысы Кемертоған ауылында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Ол «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері және ауыл мектебінің оқушылары қатысты. Олар Үлкен Алматы айналма автожолы бойындағы қоқысқа айналған аумақты тазалады. «Қоқысты жергілікті тұрғындар тастап, табиғатты ластайды», – дейді тазалық акциясын ұйымдастырушылар. Олар тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Қаныбек Айтжанов, «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы:
- Бұл жерге болашақта енді бір күндік акция емес, мынаны мүлдем жою үшін біз камера орнату жағын да әкімшіліктен сұраймыз. Өйткені түнгі мезгілде, басқа уақытта тастай береді. Бұл жерде асфальт жол жоқ, қара жол. Қара жолмен көліктер қатынайды.