Президент: Елдер бірлесе орнықты және экологиялық экономика құра алады

Орталық Азия – жер шарындағы климат өзгерістеріне ең осал өңірлердің бірі.

Сондықтан опық жеп қалмас үшін осы бастан ортақ іске жұмылу керек. Жалғыз жол – жасылдандыру. Бұл бағытта Қазақстан нық қадам басып келеді. Қазіргі таңда зиянды шығарындыларды азайтып, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту мақсатында алғашқы атом электр станциясын салу жоспарланды. Мемлекет басшысы «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясында осылай деді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жасыл сутегі өндірісі бойынша дүние жүзіндегі ең ірі жобалардың бірі – жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ден қойылғанын айтты. Әлемнің жетекші корпорацияларымен бірлесіп жел, күн энергиясын өндіру жобаларын іске қосылды. Аймаққа ортақ тағы бір сын-қатер бар. Ол – су. Тіршілік нәрінің 70%-і – трансшекаралық. Сондықтан еліміз Орталық Азия су-энергетика серіктестігін құруды жеделдету жайын жеткізді. Ал, су үнемдеу технологиялары мен Smart суару және гидрологиялық мониторинг халықаралық қоғамдастықтың қолдауы қажет. Президент саммитте Қазақстанның Халықаралық биоәралуандықты қорғау қорын құратынын атап өтті. Ауқымды жиынға Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, Еуропа Одағының, БҰҰ-ның және халықаралық қаржы ұйымдарының жетекшілері қатысты.