Абай облысында тазалық акциясы басталды
Облыс басшысы Берік Уәли өңір тұрғындарына бейнеүндеу жасады.
Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясына 20-мыңнан астам адам қатысқан. 130-ға жуық техника жұмылдырылып 18 тонна қоқыс шығарылды. Енді өңірде апта сайын сенбілік өткізу жоспарланып отыр.
Биыл тазалық акциясы аясында Семейде 93 аула тазартылған. 12 саябақ пен 14 ескерткіштің аумағы жиналды. Өңір халқына үндеу жасаған облыс әкімі туған жеріміздің тазалығы, ең алдымен, өзімізге керек, деді. Биыл 77 мың түп ағаш егіліп, 22 аула абаттандырылады.
Берік Уәли, Абай облысының әкімі:
- Туған жеріміздің тазалығы үшін жұмылу әрқайсымыздың перзенттік парызымыз. Мен осы ретте бизнес өкілдерін, іргелі оқу орындарын,патриот жастар мен еріктілерді бірлігі жарасқан кәсіпорындар мен ұйымдарды осы игі іске белсенді араласуға, атсалысуға шақырамын.
Шаһар жолдарын тазалау үшін мердігер компаниялар түрлі типтегі 10 арнайы техника сатып алды. Олардың санын көбейту жоспарда бар. Игі бастаманы Абай облысының тұрғындары да қолдап отыр.
БЛИЦ:
- Жаңадан келген әкіміміз Семейді өркендеп, өсіре берсін. Тазалық деген жақсы каждый адам өз есік алдын жинап тұруы керек.
- Өзіміздің жүріп тұратын жеріміз. Демалады, бала-шаға жүреді. Әрине таза болғанын қалаймыз біз.
Тазалық акциясына өңір тұрғындарынан бөлек ірі кәсіпорындар мен мекеме ұжымдары үлес қосуда.
Қуаныш Қасен, зауыт директорының орынбасары:
- Осы бастамаға байланысты Абай облысының әкімі жасаған бейнеүндеуін қолдай отырып, Силикат зауытының қызметкерлері сенбілікке шықты. Табиғатты аялау ол әр азаматтың ортақ міндеті.
Бастама аясында арнайы байқау жарияланды. Тазалық жанашырлары «Үздік аудан», «үздік ауыл» және «үздік университет» секілді 9 аталым бойынша марапатталады. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тағайындалған.
Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов