Елімізде ескерткіштердің аумағын абаттандыру бойынша ауқымды акция басталды

Елде Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштердің аумағын абаттандыру бойынша ауқымды акция басталды, деп хабарлайды 24kz.

Игі іске «AMANAT» партиясының мүшелері бастамашылық етіп отыр. Олар соғыс қаһармандарына арналған мүсіндер мен мемориалдық кешендерді қалпына келтіруді қолға алды. Тағылымды науқанға алғаш болып Павлодар облысы кірісті. Көп ұзамай өзге аймақтар түгел қолдады. Мәселен, Ақмола облысының белсенділері Жібек жолы ауылындағы Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған даңқ ескерткішін қалпына келтірді. Ал Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауылындағы бауырластар зиратын абаттандырды. Ал Хромтау қаласында партия мүшелері «Ана-Мәңгілік» ескерткішінің айналасын ретке келтірді.

Александр Терентьев, облыстық мәслихат депутаты, «amanat» партиясы фракциясының мүшесі:

- Ескерткіш қаза болған бабаларымызға қажет емес. Біздің болашақ ұрпаққа керек. Себебі, соғыстың мағынасы, оның нәтижесі, оған баға, көзқарас көп жағдайда өзгеріп жатыр. Сондықтан осы орайда ескерткіштерге назар аударсақ, жастарды осының негізінде тәрбиелесек, ұлтжандылықты оятуға үлкен әсер ететіні белгілі.