Қарағандыда Құрылысшылар даңғылы қоқыстан тазартылды
Қарағанды қаласында Құрылысшылар даңғылы қоқыстан тазартылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына мердігерлік ұйымдар, коммуналдық мекемелер қызметкерлері мен еріктілер қатысты. 100-ге жуық адам ұзындығы 5 шақырым болатын көше бойы мен аллеяны тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қураған ағаш бұтақтарын кесіп, ретке келтірді. Жалпы 10 күн ішінде белсенділер 2500 қап қоқыс жинап, арнайы полигондарға жеткізді.
Алмаз Сламбеков, ерікті:
- 100-ден аса адам қаланың орталық негізгі көшелерін тазалаймыз. Бұл шараның маңызы қаламызды таза ұстау, өзіміз тұрып жатқаннан кейін айналамызды тазалап, барлығымыз көмектеспесек онсыз болмайды.