Құс санағын жүргізудің маңызы қандай?
Күн ерте жылығанымен, әлсін әлі осылай әуреге салып қоятыны бар. Ең бастысы құстар оралды. Елорданың өзінде 24 мың құс мекендейді. Оның жартысы, яғни 10 мыңдайы көгершіндер екен. Бұл құс санағын жүргізетін мамандардың айтуы. Олар құсты түгендеп қана қоймайды, келіп-кету уақытын бақылап, зерттеп отырады.
Құстарды бақылау және оның санағы жыл бойы жүргізіледі. Құстар санағын экологтар, орнитологтар немесе осы іске қызығатын волонтерлер, студенттер де жүргізе алады. Егер құстың түрін білмей жатса, осындай арнайы анықтағышқа қарап, құсты тіркеп, санап, жазуы керек болады.
Елордалық Кәрімбай Әмір болашақ эколог. 4 курс студенті. Салаға жастайынан қызыққан. Құстар санағын жүргізуге биыл екінші рет қатысып отыр. Осы уақытта қаладағы құстардың түр-түрін тіркеп, жалпы санын да анықтай алған.
Әмір Кәрімбай, С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің 4 курс студенті:
- Өткен жылы құстың 84 түрін байқадық. Ең қызықтылары таңшымшық, айнақанатты тіліміш, шиқылдақ, ақбас үйрек, ол қызыл кітапқа енген. Ең жиі кездесетін түрі – ол көгершін, дала торғайы, бұзау торғай, үлкен шымшық, ала қарға, сауысқан. 24 мың құс санадық Астанада мекендейтін. Олардың көбі 10 мың шақты көгершін болған.
Иә, біз де Қызыл кітапақа енген сұңқылдақ аққудың екеуін байқап қалдық, бірақ сол мезетте қамыс арасына кіріп, көзден таса болды. Алайда арнайы құрылғылар арқылы бақылаушылар оларды әр жерден танып, тізімге енгізіп жатыр.
Нәрқыз Махмет, эколог:
- Наруыз айында бізде шағалалар, негізі аққу да тіркелді. Ұшып келгендері. Ал қаланың ішінде тұратын түрлерге келетін болсақ, олар торғайлар, кәдімгі торғай, «сверистель» деп айтамыз. Бұл бізде қыстауға келетін құс, қазақша самырсын деп аталады, қателеспесем. Олар бізде ақпанда тіркелген.
Құстарды түгендеу арқылы мамандар түрлі бақылаулар жүргізе алады. Есепке олардың саны ғана емес, ұя бұзуы және басқа да ерекше әрекеттері жазылады. Мұндай деректер маусымдық құбылыстар мен процестерді байқап отыруға аса қажет.
Нәрқыз Махмет, эколог:
- Мысалы, биыл шағалаларды 9 наурыз күні байқалды. Яғни ол жыл сайын әртүрлі уақытта келеді. Ол бір жағынан жаһандық жылыну көрінісі де болуы мүмкін. Соның индикаторлары болып табылады.
Құстарды бақылау ісі әлемде кең тараған хобби саналады. Біздің елде енді ғана белең алып келеді. Бұл мәдениет ежелден қалыптасқан елдерде мамандар ғана емес, қарапайым халық та іске қызығушылық танытып, өз бетінше құстарды бақылауға әуес. Сондықтан жергілікті экологтар да белгіленген іс-шараларға тұрғындарды шақыруға әдентеніп келеді.
Авторлары: Мөлдір Молдағали, Өрден Жарқын