Петропавлдық белсенділер батыр атындағы көшені тазалады

Петропавлдық белсенділер Жеңіс күні қарсаңында ерекше бастаманы қолға алды, деп хабарлайды 24KZ. Олар Кеңес Одағының Батыры Виктор Булавскийдің атындағы көшені қоқыстан тазалады.

Экологиялық шараға 30-дан аса адам қатысты. Осылайша белсенділер қан майданда шейіт болған жауынгерге құрмет көрсетіп, қала тұрғындарын тазалыққа шақырды.

Мирас Назаров, «AMANAT» партиясы СҚОФ саяси жұмыс бөлімінің консультанты:

- Бұл шара – ардагерлерге құрметпен қарау. Болашақ ұрпақты тәрбие көрсету ретінде ұйымдастырылып жатыр. Мұндай шара жұма сайын өткізіліп жатады ұлттық «Ұрпақ мұрасы» акциясы шеңберінде.