Көкшетауда тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы абаттандырылды

Белсенді жастар Шоқан Уәлиханов, Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтің мүсінін тазалап, айналасын ретке келтірді, деп хабарлайды 24kz.

Экологиялық шара халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналды. Акцияға 30-ға жуық волонтёр қатысты. Олар апта сайын осындай акция өткізбек. Қазір облыс орталығында 200-ге тарта ескерткіш бар.

Дидар Хамзин, волонтёр:

- Жалпы волонтерлер үшін ең бірінші, әрине, өзіміздің туып өскен жерімізді, өзіміздің өлкемізді қоқыстан тазалау. Бүгінгі күннің мерекенің өзінің жалпы мақсаты – халықаралық тарихи обьектілерді, яғни, бұрынғы өзіміздің мәдени мұраларымызды сақтау және жастарға, өскелең ұрпаққа тарихи нысандар болсын, сакралды обьектілердің мән маңызын жеткізу.