Талдықорғанда 200 түп көшет егілді
Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 200 түп қылқан-жапырақты ағаш егілді, деп хабарлайды 24KZ. Көшеттерді Жұмахан Балапанов, Ақын Сара ескерткіші маңындағы аллеяға, «Жастар» саябағы мен Орталық «Иман» мешітінің ауласына екті.
Қаланы абаттандыруға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мәдениет саласының өкілдері мен имамдар және тұрғындар қатысты. Көктем шыққалы өңірде тазалық акциясы тұрақты түрде ұйымдастырылады. Биыл Жетісу облысында 120 мың көшет егу жоспарланған. Бұл былтырмен салыстырғанда 20 мыңға көп.
Ермек Егінбаев, қала тұрғыны:
- Талдықорған қаласындағы «Жастар» бағына келіп ағаш отырғыздық. Себебі көктеммен бірге жан-жағымыз табиғат көгеріп жатқан кезде қаламызды көгалдандыру керек. Сол мақсатта бәріміз бірлесіп жұмыс жасадық.