Қарулы Күштердің әскери қызметшілері сенбілікке қатысты

Елордада Қарулы Күштердің әскери қызметшілері де қаланы абаттандыруға белсене қатысты, деп хабарлайды 24KZ. Олар Ақмешіт көшесінде, Қорғаныс министрлігінің штабының аумағында, Ақмола өңірлік гарнизоны әкімшілік ғимараттарында және әскери бөлімдердің бекітілген учаскелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындармен бірлесіп, Ильинка кентінде де сенбілік өткізді. Жеке құрамның күшімен аумақтарды тазарту, қоқыстарды жинап шығару сынды жұмыстар атқарылды.

Ержан Нусупов, 55765 әскери бөлімінің әскери қызметшісі:

- Бүгін бізде қалалық сенбілік, соның аясында Қорғаныс министрінің ұжымы өзіне бекітілген аумақты тазалап, жинастырып, «Таза Қазақстан» деген ұранмен осы сенбілікке шығып отырмыз.

Ержан Ізтілеуов, ҚР ҚМ Әскери-техникалық саясат департаментінің аға офицері:

- Елімізде болып жатқан «Таза Қазақстан» сенбілігіне қатысты Қорғаныс министрлігінің өзіне берілген аумақты тазартып, өз үлесін қосып жатыр. Біз әскери қызметшілер еліміздің таза болуына, Астананың таза болуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Қосып та, бірге істі атқарамыз.