Өскеменде құтқарушылар «Достық аллеясына» көшет екті

Қазақстан халқының бірлігі күні Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері түрлі этнос өкілінің ұлттық киімдерін киіп, «Достық аллеясына» шырша көшеттерін екті, деп хабарлайды 24KZ. Қазір аймақта 1415 құтқарушы қызмет етеді. Олардың қатарында неміс, орыс, өзбек, тәжік, белорус, дүнген ұлты бар. Олар экологиялық шара арқылы ел ішіндегі ынтымақ пен достықты дәріптеп жатыр. 

Исхар Савазов, ТЖД бастығының орынбасары:

- Төтенше жағдайлар департаментінде жеті этнос өкілі қызмет етеді. Қашанда ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетіп келе жатырмыз. Бүгін бәрі бірге шығып, ұлттық киімдерін киіп көшет егіп, білетін дәстүрлерін де бөлісті. Осы іс-шара арқылы қатарымызға қосылып жатқан жастарға үлгі-өнеге көрсеткіміз келеді.