Каспий жағасында кезекті рет тазалық шарасы өтті
Каспийдің жағасында кезекті рет тазалық шарасы өтті.
Бұл жолы «Таза бейсенбі» акциясына «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұжымы жұмылды. 50-ден астам адам қатысқан шара Қазақстан халқының бірлігі күні мекересіне арналды. Қоғамдық-саяси ұйым қызметкерлері коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларымен бірлесе 15-шағын аудан аумағында қоқыстарды жинады. Полиэтилен қаптарға салынған тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы полигонға тасымалданды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ендігі экологогиялық акциялар өңірдің туристік жерлерінде өткізіледі.
Анар Шамшадинова, "Amanat" партиясы филиалы төрағасының орынбасары:
- Бұған дейін партия қызметкерлері табиғат аясына шығып, Маңғыстау ауданындағы «Самалдың сайы» атты жерде тазалық жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Бүгін теңіз жағасында сенбілікті қолға алып жатырмыз. Жалпы «Таза Қазақстан» идеясы, «Таза бейсенбі» идеясы тек табиғатты тазалау ғана емес, адамның салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұмтылуы. Мұндай сенбіліктерді тұрақты түрде өткізіп тұрамыз деп ойлаймын.