Жезқазғандық әулет Кеңгір көлінің жағалауын тазалады

Ұлытау облысында жекелеген әулеттер де «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үн қосуда, деп хабарлайды 24kz.

Өзгелерге үлгі көрсету мақсатында бір атаның балалары бірігіп, Жезқазғандағы Кеңгір су қоймасының жағалауын тазалады. Ақсақалдар бас болған бастаманы әулетке қарасты отбасылар қолдап әкетті. Көл жағасындағы қураған ағаштарды отап, демалушылардан қалған күл-қоқыстарды жинады. Табиғат жанашырлары игі бастаманы челлендж ретінде өзге отбасыларға жолдады. Жалпы Жезқазғанда көктем шыққалы тазалық акциясы апта сайын үздіксіз өтіп келеді. Нәтижесінде екі мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Жанұзақ Кенбаев, Жезқазған қаласының тұрғыны:

- Бүкіл Қазақстан тазалықты қолдап жатқанда біз неге одан шет қалуымыз керек?! Сондықтан үлгі ретінде, бастама ретінде бәрін шақырып, осындай шараға қатысып жатырмыз. Шағын болса да, өзіміздің орта жастағы азаматтарымыз балаларымен, немерелерімен келіп қатысып жатыр. Тұрған жерімізді таза ұстау – парызымыз.