Қарағандыдағы өртенген орман аумағына ағаш егілді

Қарағандыдағы ескі кірпіш зауыты маңындағы орманды алқапқа биыл 44 мың қарағай көшеті егілді, деп хабарлайды 24kz.

Үш жыл бұрын мұнда алапат өрт болып, 70 гектар жердегі қарағай, қарағаш және үйеңкі ағаштары жанып кетті. Орманшылар алғашқы жылы күлге айналған аумақты тазалап, топырағын тыңайтты. Ал былтырдан бері мұнда ағаш егіліп жатыр. Қарағай көшеттерін отырғызу мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Көшеттер тамыр алып кеткенінше күтім жасалады.

Дулат Жұмабеков, Қарағанды орман шаруашылығының бас орманшысы:

- 2025 жылы Кирзавод маңына 10 гектар жерге 44 мың жас қарағай екпелері егілді. Ал 2024 жылы жас қарағай екпелерінің  22 мыңы егілді. Осылайша, орман шаруашылығына өз үлесімізді қосып жатырмыз.