Кеңгір су қоймасының жағалауы тазартылды
Ұлытау облысында Кеңгір су қоймасының жағалауы тазаланды.
Жезқазғандықтар жаз бойы осы жасанды көлде демалады. Сондықтан мұнда шашылған тұрмыстық қалдық көп. Тазалық шарасына 100-ге жуық адам, 5 ауыр жүк техникасы мен 3 қайық жұмылдырылды. Табиғат жанашырлары облыстағы өзге де өзен-көлдерді аралап, заңсыз құрылған ауларды жинап шығады.
Есет Қараев, қала тұрғыны:
- Кеңгір су қоймасы Жезқазған қаласы және Ұлытау облысындағы стратегиялық маңызды жерлердің бірі ғой. Сол үшін осы тұщы суды барынша таза ұстау бәріміздің міндетіміз. Сол үшін үлес қосып жатырмыз бар мүмкіндігінше.